Әдетте пәтерден шығару ісі сәуір айынан басталады.
ERNUR.KZ. Адвокат Вагиз Есілхановтың айтуынша, тыйым салынған жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікті сатып алудың өзі тәуекелге бас тігумен тең. Мәселен, Көршілес Ресей елінде сот приставы федералды қызметінің жеке спецназы бар, деп жазады Stan.kz.
Қазақстанда сот актілерін орындау міндеті жекелеген сот орындаушылар институтына жүктелген. Соттың қандай да бір шешімінің жүзеге асырылуы орындаушының жеке қасиеттерімен, адамдармен қарым-қатынас құра білу қабілетімен тікелей байланысты.
"Ұрыс уақытында пәтерден шығарылған азаматтың пәтерақысын төлеп беретін орындаушылар болады. Бірақ адамгершіліктен жұрдай орындаушылар да бар. Ешкімді кінәламаймын. Бірақ мұнда біреу жағдайды ушықтырған. Бұл кісіні неге дәл осы уақытта пәтерден шығаруға келгендерін де білемін. Өйткені жақында жылыту маусымы басталады. Ал негізінде бұл кезеңде адамдарды далада қалдырмайды. Әдетте пәтерден шығару ісі сәуір айынан басталады", – деп түсіндірді заңгер.
Адвокаттың айтуынша, мүлікті электронды сатылымға шығармас бұрын оны бағалау жүзеге асырылады. Бұдан кейін шартты үйдің немесе пәтердің бағасын жоғарылатып, сатады. Егер ешқандай ұсыныс түспесе, онда мүліктің құны арзандайды. Заң бойынша, оның құны орындаушылық өндіріс кезінде бекітілген бағадан 48%-ға арзандай алады.
Ал Алматыда атыс ұйымдастырған азаматтың жағдайына келсек, сот процестерінің бірнеше жылға созылғаны белгілі. Ақыр соңында үй сатылымға шығарылып, арзан бағаға сатылып кетті. Қайғылы оқиға отбасын далаға шығарып тастамақ болған кезде орын алды. Кейін күдіктінің әйелі журналистерге берген сұхбатында, күйеуін мұндай күйге сот орындаушы жеткізді деп айып тақты.
Есілхановтің пікірінше, мұндай жағдайларды болдырмас үшін, пәтерден шығаруға қатысты орындаушының әрекетін заңмен бекіту керек. Әсіресе адамдарды жылыту маусымы кезінде басындағы жалғыз баспанасынан айырмау немесе уақытша жалдамалы пәтердің ақысын төлеп беру керек. Кеткен қаражатты жеке табыс салығынан өндіруге болады.