Алматыда тауға шыққан туристің үстіне тас құлап кетті

0
142

Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.


Алматыда тауға шыққан туристің үстіне тас құлап кетті

фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

ERNUR.KZ. Алматы облысының тауларында құтқарушылар тас құлауы салдарынан зардап шеккен туристі эвакуациялады, деп жазады sputnik.kz.
Биіктігі 2 970 метр Левый Талғар шатқалынан жорық кезінде үстіне тас құлап, зардап шеккен турист күрделі жағдайда эвакуацияланды.
"Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына екі бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылары шұғыл аттанды. Олар келген кезде зардап шегушіні анықтап, алғашқы медициналық көмек көрсетті және оның жағдайын ауыр деп бағалады", деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар зардап шегушіні күрделі таулы жер бедері арқылы Кіші Талғар асуына қарай тасымалдап, жолда оларға Алматы қаласы альпинизм федерациясының еріктілері қосылды. Бірлескен эвакуация жұмыстары "Шымбұлақ" тау курортына дейін жалғасты.
Одан әрі зардап шегуші қалалық клиникалық ауруханаға жатқызу үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.