Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кеткені үш күн бұрын хабарланған.
ERNUR.KZ. Алматыда тергеуден қашып кеткен азамат екі айға қамауға алынды, деп жазады ulysmedia.kz.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 16 қазанда сот шешімімен тергеу органдарының С.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылған.
Еске сала кетсек, Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кеткені үш күн бұрын хабарланған. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті таратқан мәліметке қарағанда, оқиға 14 қазанда болған. Қалалық ІІД және Полиция басқармасының қызметкерлері қашқынды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырған.