Алматыда тергеу изоляторындағы мыңнан аса күдікті сайлауға қатысты

0
1 064

ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 104 бабының 3 бөлігінде көзделгендей сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын сотталғандардан басқа күдіктілердің сайлауға қатысуға құқықтары бар.


Алматыда тергеу изоляторындағы мыңнан аса күдікті сайлауға қатысты

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 72 мекемесіндегі (тергеу изоляторы) тұтқындар да сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, - деп жазады Tengrinews.kz.

ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 104 бабының 3 бөлігінде көзделгендей сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын сотталғандардан басқа күдіктілердің сайлауға қатысуға құқықтары бар.

Бұл санатқа тергеу тұтқынындағылар мен соттың үкімі әлі күшіне енбеген, жасы он сегізге толған азаматтар жатады.

Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық кезінде Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің шешімімен Тергеу изоляторы орналасқан аумақ бойынша №479 сайлау учаскесі құрылып, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері бекітілген.

№72 мекемесінде сайлау өткізу үшін 5 кабина жабдықталып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген болатын. Сонымен қатар сайлау учаскесіне бейнебақылау орнатылып, аталған ғимараттың өрт қауіпсіздігіне комиссиялық түрде тексеру жүргізілді.

"Осындай маңызы зор саяси науқанға №72 мекемесіндегі тергеу қамауындағылар да белсенді түрде атсалысты. 19 наурыз күні таңғы 7:00-ден бастап тергеу изоляторындағы дауыс беруге құқылы мыңнан аса күдікті дауыс берді. Оларға алдын ала ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттармен танысу үшін ақпараттық материалдар ұсынған болатын", - деді сайлау учаскесінің төрағасы мекеме бастығы әділет подполковнигі Әділхан Капышев.