Алматыда үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті

0
252

Қайғылы оқиға орын алғаннан кейінгі абыр-сабыр сәт әлеуметтік желілерде тарады.


Алматыда үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Алматы қаласында үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетіп, қаза тапты, деп жазады baq.kz.

Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға орын алды. Тоғызыншы қабаттың балконынан 3 жасар бала құлап кетті.

Жедел жәрдем тобы оқиға орнына жылдам жеткенімен, барлық медициналық көмекке қарамастан, сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталуда.

Үш жасар баланың өліміне қатысты тергеу басталды. Алатау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда, - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға орын алғаннан кейінгі абыр-сабыр сәт әлеуметтік желілерде тарады.

Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді тұрғын үй-жайларда балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге шақырады: терезе құлыптарын қолданыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе қауіпті аймақтардың жанында.