Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Алматыда Медеу ауданының №2 аудандық соты "Қалалық ветеринариялық қызмет" ШЖҚ МКК директоры М. Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р. Жапарханға қатысты үкім шығарды, деп жазады tengrinews.kz.
"Олар жануарлар обасын анықтайтын тест-жүйелерді сатып алуға арналған ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл ретте тест-жүйелері нақты жеткізілмеген. Оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жазаны орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтейді", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.