Алматыда жарты жыл бұрын жоғалып кеткен тұрғын аман-есен табылды

0
149

​Қожбанов Жігер Жалғасбекұлы, 1983 жылы туған, 2024 жылғы қыркүйектің ортасында жоғалып кеткен.


Алматыда жарты жыл бұрын жоғалып кеткен тұрғын аман-есен табылды

фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

ERNUR.KZ. 2024 жылғы қыркүйекте Алматыда жоғалып кеткен ер адам тірі және аман-есен табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Қожбанов Жігер Жалғасбекұлы, 1983 жылы туған, 2024 жылғы қыркүйектің ортасында жоғалып кеткен. Ер адам Әуезов ауданы, Жетысу-2 шағынауданы, 50-үй мекенжайынан шығып кеткеннен кейін байланыс үзілген.

Сыртқы белгілері: бойы – 165-170 см, орта денелі, шашы қара, көзі қоңыр, мойнында тыртық бар.

Еріктілердің мәліметінше, жоғалған ер адамды 2025 жылдың 3 сәуірінде полицейлер Алматы облысы аумағынан тапқан. Іске қатысты басқа мәліметтер жарияланған жоқ.