Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болған бала 2009 жылы туған.
Фото: cripo.com.ua
ERNUR.KZ. Алматыда жасөспірім көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінен құлап кеткен. Қайғылы оқиға 18 қарашада Әуезов ауданында болған, деп жазады stan.kz.
Үй тұрғындарының айтуынша, кеше кешке шамамен 11-12 жас шамасындағы бала үйдің подъезіне кіріп кеткен. Ал таңертең үйдің жоғарғы қабатынан секірген.
Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болған бала 2009 жылы туған.