Жедел жәрдем жүргізушісі Шашкин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Toyota және Hyndai көліктерімен соқтығысқан.
ERNUR.KZ. 2024 жылғы 3 шілдеде түс қайта Алматының Бостандық ауданында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты болды, деп жазады zakon.kz.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жол-көлік оқиғасы сағат 16:10-да тіркелген.
Полицейлер жедел жәрдем жүргізушісі Шашкин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Toyota және Hyndai көліктерімен соқтығысқанын хабарлады.
"Ол сондай-ақ мейрамханалардың бірінің жазғы террасасында қоршау түріндегі кедергіге соқтығысқан, апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ".Алматы полициясы
Қазір оқиғаның мән-жайын Бостандық ауданы полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.