Алматыда зиян контентті бұғаттайтын балалар SIM картасы іске қосылды

0
123

Жоба пилоттық сынақ кезеңінен сәтті өтіп, қазір ниет білдірушілер үшін қолжетімді.


Алматыда зиян контентті бұғаттайтын балалар SIM картасы іске қосылды

Фото: Freepik.com

ERNUR.KZ. Алматыда SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды, деп жазады stan.kz.

Бас прокурордың тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарға ұсыныстар әзірленген. Оның ішінде кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиян әсерінен қорғауға бағытталған жобалар бар.

“Алматы прокуратурасы TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірлесіп, "SIM KIDS" пилоттық жобасын іске қосты. Бұл арқылы балалар интернетке қауіпсіз кіре алады. Және ол бақыланады”, – делінген хабарламада.

Карта автоматты түрде зиян контентті бұғаттайды, ата-аналарға баланың қосымшалардағы белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді. Дыбыссыз режимде болса да, баламен байланыста бола алады.

Жоба пилоттық сынақ кезеңінен сәтті өтіп, қазір ниет білдірушілер үшін қолжетімді.