Қазірдің өзінде демонтаждау жұмыстары жүргізілуде және жаңа ғимарат салуға құжаттар әзірленуде.
ERNUR.KZ. Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде өрттен қатты зардап шеккен "Қазақстан" телеарнасының ғимаратын бұзу туралы шешім қабылданды, деп жазады Stan.kz.
Қазірдің өзінде демонтаждау жұмыстары жүргізілуде және жаңа ғимарат салуға құжаттар әзірленуде.
Бұл туралы телеарнаның Алматы филиалының директоры Сәуле Жиреншина мәлімдеді. Ғимаратты мұқият тексерген мамандар оның қазіргі сейсмикалық төзімділік талаптарына сай емес деген қорытындыға келген. Сонымен қатар нысанды қалпына келтірудің жалпы құны оның нарықтық құнының 85 пайызынан асады.
Жаңа ғимараттың құрылысы бір жарым-екі жылға жуық уақытты алады. Онда төрт телеарнаның кеңсесі орналасады. Құрылыстың құны жобалық-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін белгілі болады. Қаржыландыру республикалық бюджеттен жоспарланған.