Бүгінгі марафонға 10 мыңнан астам желаяқ қатысты.
© Photo : Алматы қаласының әкімдігі
ERNUR.KZ.Алматыдағы Almaty Half Marathon жарысында рекорд тіркелді, деп жазады sputnik.kz
Бүгінгі марафонға 10 мыңнан астам желаяқ қатысты. Ал шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд тіркелді: 44 елден 821 спортшы келді. Олардың ішінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Украина, Беларусь, сондай-ақ, Еуропа, Африка мен Таяу Шығыстың желаяқтар бар.
"Бірінші болу - батылдық" корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есеновтың айтуынша, қаланы халықаралық деңгейде танытудың ең тиімді құралдарының бірі - спорттық туризм.
"Сондай-ақ, жүгірушілер көбіне жалғыз келмейді: олармен бірге отбасы мүшелері мен достары да келеді, бұл өз кезегінде туристер санын арттырады. Көптеген шетелдік қонақ үшін бұл жарыс Қазақстанмен алғашқы таныстыққа айналып, қайта оралуға себеп болады. Біздің зерттеуімізге сәйкес, басқа қалалардан және шетелден келген қатысушылардың 79,3%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлап отыр. Бұл жаңа сапарлар мен қаланың инвестициялық тартымдылығының артуын білдіреді",– дейді Есенов.


