Түрксіб ауданында болған өрт салдарынан күйік шалған 63 және 67 жастағы екі ер адамды жедел жәрдем бригадалары №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.
Фото: Артем Викторов/Kazinform
ERNUR.KZ. Алматыдағы екі қабатты ғимаратта шыққан тілсіз жаудан 2 адам зардап шекті, деп жазады inform.kz.
Түрксіб ауданында болған өрт салдарынан күйік шалған 63 және 67 жастағы екі ер адамды жедел жәрдем бригадалары №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.
- Науқастар жан-жақты тексеріліп, комбустиолог, травматолог, реаниматолог мамандармен қаралды. Жағдайлары ауыр деп бағаланады. Науқастар жан сақтау бөліміне жатқызылды. Олар ҚР ДСМ дигностика және емдеу хаттамаға сәйкес толық көлемде ем алып жатыр, - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.