Алматыдағы ұшақ апаты: әкім орынбасары қамауға алынды

0
783

​Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Рысбеков қамауға алынды, дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.


Алматыдағы ұшақ апаты: әкім орынбасары қамауға алынды

ERNUR.KZ. Алматы әуежайына жақын жер учаскелерін заңсыз таратқан шенеунік қамауға алынды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аға тергеушісі Данияр Бекайдаровтың айтуынша, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Рысбеков қамауға алынды.

Ол үш жыл бұрын Алматы әуежайына жақын жерлерде құрылыс нысандарын салуға рұқсат берген.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі лауазымын асыра пайдалануға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Ол 2017 жылы Талғар аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне атқарып жүргенде 16 жер учаскесіне құрылыс салудың сызба-нұсқасын заңсыз рәсімдеді деген күдікке ілінді. Осы құжат негізінде Жұмабаевтың атына меншік құқығы туралы құжаттар жасалды. Жалпы ауданы бір гектарды құрайтын жер учаскелері Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінде Алматы әуежайына жақын орналасқан", - деді Бекайдаров астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Рысбеков уақытша ұстау абақтысына қамалды.