Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: ZEEKR жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді

0
80

Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған.


Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: ZEEKR жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді

фото: Sputnik / Алексей Филиппов

ERNUR.KZ. Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі ZEEKR жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған және соттың санкциясымен қамауға алынған.
"Қазіргі уақытта ол қылмыстық іс аясында қамауда ұстауды жалғастыру үшін тергеу изоляторына жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында жол апатынан үш адам көз жұмған болатын.