Ошақтың тереңдігі 180 шақырымды құрайды.
фото:Sputnik / Тимур Батыршин
ERNUR.KZ. Қазақстанның ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеулер орталығы Алматы қаласыннан 712 шақырым шалғайда жер сілкінісін тіркеді, деп жазады sputnik.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, жер сілкінісі бүгін түнгі сағат 01:42-де тіркелген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батыста 712 шақырым шалғай жерде Тәжікстан территориясында болды", - делінген орталық хабарламасында.
Ошақтың тереңдігі 180 шақырымды құрайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл жер сілкінісі сезілген жоқ.
Айта кетері, 9 желтоқсанда Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінісі болды. Оған дейін Жетісу облысында жер сілкінді.