Отырыстың қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары мен әскери саладағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
фото: Минобороны России
ERNUR.KZ. Алматыда 31 қазанда ТМД-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді, деп жазады sputnik.kz.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оңтүстік астанаға Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары және ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің хатшысы келді.
Отырыстың қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспары мен әскери саладағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
