Алматылықтар АҚШ-тың Бас консулдығының алдында Боратты табытқа салды

0
722

Наразы жұрт Боратты АҚШ-та жерлеуді талап етіп жатыр.​


Алматылықтар АҚШ-тың Бас консулдығының алдында Боратты табытқа салды

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының жанында акция өткізді. Олар "Борат" және "Борат-2" фильмдерін көрсетуге тыйым салуды талап етіп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Бас консулдық ғимаратына 20-ға жуық белсенді жиналды. Белсенділер әкелген плакаттарда "Америкада тұратындар қазақтарды қорлауды қойсын" деген сияқты жазбаларды көруге болады.

Жиналғандар "Борат" фильмінің кейіпкерінің бейнесін табытқа салып, АҚШ туымен жауып тастаған. Осылайша олар Боратты АҚШ-та жерлеуді талап етіп жатыр.




Еске салайық, мұның алдында 23 қазанда да АҚШ Бас консулдығы ғимаратының алдында наразы алматылықтар "Борат-2"фильмінің көрсетілімін тоқтатуды талап еткен болатын. Консулдыққа жиналған алматылықтар Саша Барон Коэннің жаңа фильмін нәсілшіл және дөрекі деп санайтындарын мәлімдеді. Сондықтан олар кинокартинаны көрсетуге тыйым салу үшін тұрғындардан қол жинаған.