Көшені есекпен аралаған жас жігіт тіпті, «001 AT» деген тіркеу нөмірін іліп алыпты.
ERNUR.KZ.. Алматының кептелісінен шаршаған жігіт қаланың орталық көшелерінің бірінде есекпен жүрді. Ер адам көшедегі кептелісті осылайша есегімен айналып өтті. Ал, әдеттен тыс жолаушының әрекетін көрген басқа жүргізушілер оны видеоға түсіріп алған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Есектің үстінде отырған шабандоз басқа жүргізушілерді күлкіге қарық қылды. Себебі, көшені есекпен аралаған жас жігіт тіпті, «001 AT» деген тіркеу нөмірін іліп алыпты. Яғни, ол қазақ тіліндегі кәдімгі «ат» деген мағынаны білдіреді.
Сондай-ақ, жануар иесі жанындағы көліктерді көру үшін тіпті есегіне айна мен апаттық жарық шамдарын іліп қойған. Ер адамның бұл көрсетілімді қандай мақсатпен көрсеткені әзірге белгісіз. Алайда, оның есекпен жүру үшін дәл Тимирязев көшесін таңдағаны арнайы хабарламаны апара жатыр деген ой тудырады.