Алматының жаңа бас дәрігері тағайындалды

0
724

Нариман Табынбаев осы уақытқа дейін ол Алматы қаласындағы "Орталық қалалық клиникалық аурухана" МКК директоры қызметін атқарған.


Алматының жаңа бас дәрігері тағайындалды

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына Нариман Табынбаев тағайындалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысы орталық аудандық ауруханасында балалар хирургы болып бастаған.

1988 жылдан 1994 жылға дейін Қызылорда қаласындағы облыстық аурухананың эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі, диагностикалық орталығы бойынша облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.

1994-1997 жылдары Алматы облысы орталық аудандық ауруханасының емдеу ісі жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары болды.

1997 жылдан 2002 жылға дейін Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталықтың директоры, Урология ғылыми орталығының директоры қызметтерін атқарған.

2014-2015 жылдары - "ұлттық медициналық холдинг"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2015-2018 жылдары Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының директоры болды.

2019 жылдан бастап 2020 жылға дейін Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, USA), University of Minnesota (Minneapolis, USA) тағылымдамадан өтті.

Осы уақытқа дейін ол Алматы қаласындағы "Орталық қалалық клиникалық аурухана" МКК директоры қызметін атқарды.