Америкалықтар асырап алған қазақ қызы өз өзіне қол салып, көз жұмды

0
646

АҚШ-та тұратын 25 жастағы Динараны Қостанай қаласынан 6 жасында асырап алған. Ол көптеген қазақ жобаларына қатысып жүрген еді.


Америкалықтар асырап алған қазақ қызы өз өзіне қол салып, көз жұмды

ERNUR.KZ. Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өз өзіне қол салып, қаза тапты, деп жазады stan.kz.

Қаралы хабарды журналист Жанар Байсеміз мәлімдеді.

“Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті. Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?! Сұрақ көп, жауап жоқ… Неткен өкініш… Неткен қасірет… Динара, кешір мені, кеш бізді… Рухың пейіште шалқысын. Жап-жарық едің… Қош бол, Жарық Күн”, – деп жазды ол.

АҚШ-та тұратын 25 жастағы Динараны Қостанай қаласынан 6 жасында асырап алған. Ол көптеген қазақ жобаларына қатысып жүрген еді.

Айта кетейік, 1999-2012 жылдар аралығында қазақстандық балаларды көптеген америкалық отбасылар асырап алған еді. Бейресми деректер бойынша, осы уақыт ішінде АҚШ-та Қазақстаннан 10 мың бала асырап алынған.