«Анасы қараусыз қалдырған»: Астанада 4 айлық сәби қайтыс болды

0
194

​Нәрестенің анасы сотталды.


«Анасы қараусыз қалдырған»: Астанада 4 айлық сәби қайтыс болды

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Астанада анасы қараусыз қалдырған 4 айлық сәби қайтыс болды. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сарыарқа ауданының прокуратурасы анасының жас баласын қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

«Кінәлі тұлға 4 айлық сәбиін үйде қараусыз қалдырған. Нәтижесінде анасының немқұрайлы қарым-қатынасының салдарынан сәби қайтыс болды. Кінәлі тұлға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

Астана қаласының прокуратурасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға, оны тәрбиелеуге, баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге, оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын жасауға, заңға мойынсынушылық мінез-құлықты қалыптастыру үшін жауаптылықта болатыны екенін түсіндіреді.