Анталиядағы олимпиадаға қатысқан қазақстандық оқушылардың барлығы медаль алды

0
434

Олимпиада 25-29 маусым аралығында Түркияның Анталия қаласында Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы арасында өтті.


Анталиядағы олимпиадаға қатысқан қазақстандық оқушылардың барлығы медаль алды

ERNUR.KZ. JBMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті, деп жазады sputnik.kz.

Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды

Қазақстаннан 6 оқушы қатысты. Біздің оқушылар екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Алтын:
Әлиасқар Сұлтанәли — Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
Әли Еркебұланұлы — Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы.
Күміс:
Бердібек Орынбасар — Атырау облыстық №1 "Білім-Инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Арнұр Ансатов — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Эрик Лим — Алматы қаласындағы РФММ 9-сынып оқушысы.
Қола:
Асқар Мұхтарұлы — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.+++Құрама команданың жетекшісі: Антон Васильев — физика-математика ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті.