Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет айтқандарға сыйақы берілетінін еске салды

0
601

Антикор Нұрлан Мәсімовті іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын еске салды.


Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет айтқандарға сыйақы берілетінін еске салды

ERNUR.KZ. Ол туралы мәлімет бергендерге сыйақы (12 миллион теңгеге дейін) уәде етілген, деп жазады tengrinews.kz.

"Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алған деп күдіктелген. Сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта Мәсімов іздестіріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, агенттіктің мына телефондары бойынша хабарлауға болады:

  • call-центр 1424
  • +7 (7172) 909 260
  • +7 (727) 278 7300
  • +7 (707) 978 0808

Антикор мәліметінше, Мәсімовтің орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген. Сондай-ақ, хабарламаның құпиялығына кепілдік берілетіні айтылған.