Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағына қатысты тергеу қайта басталады

0
176

Көлік министрі авиациялық апаттар ұзақ зерттелетінін алға тартты.


Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағына қатысты тергеу қайта басталады

© Кадр из видео, предоставленного МАК

ERNUR.KZ. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2019 жылы Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағына қатысты тергеу қайта басталатынын растады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Былтыр министрлік тергеудің аяқталғанын хабарлаған болатын. Бірақ артынан тағы тексеріс жүргізіледі деген ақпарат шықты.

"Өкінішке қарай, авиацияда ондай оқиғалар жиі болып жатады. Соңғы шешімге келу қиын. Себебі авиациялық апаттар ұзақ зерттеледі. Қазір барлық құжат дайындалып жатыр", - деді Сауранбаев үкіметте өткен брифингте.

Ал журналистің "Демек, тергеу болады ғой?" деген сұрағына министр: "Иә", - деп қысқа ғана қайырды.
Айта кетері, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы маңында Bek Air жолаушылар ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін бірден апатқа ұшырады. Ұшақ бетон қоршауға соғылып, екі бөлікке бөлінген.
Ұшақ апатынан экипаж командирін қосқанда 13 адам қаза тапты.
Бірнеше күннен кейін екінші ұшқыш қайтыс болды, ол тергеуге қатысты жауап беріп үлгерді. Ұшақ бортында барлығы 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.