Қарағандылық полицейлер өртенген автобустан 51 адамды құтқарып қалды

0
1 216

Полиция старшинасы Нұрмағамбетов пен жол-патрульдік полициясы батальон қызметінің инспекторы полиция лейтенанты Егенов Алматы – Екатеринбург трассасында қызметте жүрген. Олар кешке қарсы келген Neoplan автобусының артқы бөлігі өртеніп жатқанын байқап қалған. "Біз ойланбастан кері бұрылып, автобустың соңына түстік.


Қарағандылық полицейлер өртенген автобустан 51 адамды құтқарып қалды

Қарағанды облысында екі полицей жолда кетіп бара жатқан автобустың өртеніп жатқанын байқап қалып, ондағы жолаушыларды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Sputnik. Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылар полицейлермен бірге дереу автобустың жүк салатын бөлігін босатып, өртті сөндіруге көмектескен.

Оқиға 28 наурызда болған. Полиция старшинасы Нұрмағамбетов пен жол-патрульдік полициясы батальон қызметінің инспекторы полиция лейтенанты Егенов Алматы – Екатеринбург трассасында қызметте жүрген. Олар кешке қарсы келген Neoplan автобусының артқы бөлігі өртеніп жатқанын байқап қалған.

"Біз ойланбастан кері бұрылып, автобустың соңына түстік. Автобусты тоқтатып, салоннан дереу 51 жолаушыны шығарып, содан кейін өртті сөндіруді бастадық", — дейді Егенов.

Жолаушылар полицейлермен бірге дереу автобустың жүк салатын бөлігін босатып, өртті сөндіруге көмектесті.

Полицейлердің қырағылығының арқасында адамдар аман қалып, автобус шығынға ұшыраған жоқ.

Содан кейін полицейлер басқа автобусты тоқтатып, құтқарылған жолаушыларды отырғызып жіберген.