Арбаны итеріп жіберіп, баласын аман алып қалған: Қарағандыда ана мен баланы көлік қағып кетті

0
193

​33 жастағы әйел ауруханада жатыр.


Арбаны итеріп жіберіп, баласын аман алып қалған: Қарағандыда ана мен баланы көлік қағып кетті

Фото: скрин

ERNUR.KZ. Қарағандыда жеңіл көлік 4 жасар баласымен кетіп бара жатқан әйелді қағып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 13 сәуір күні сағат 18:25 шамасында Магнитогорская көшесінде BMW маркалы автокөліктің 36 жастағы жүргізушісі бағдаршамсыз жаяу жүргіншілер жолағымен өткен анасы мен баласын қағып кетті. Әйел адам баласы отырған арбаны итеріп жіберіп, сәбиін аман алып қалған. Өкінішке қарай, өзі ауыр жарақат алды.

Еkaraganda басылымының хабарлауынша, жапа шеккен 33 жастағы әйел мен оның арбасындағы 4 жасар қызы медициналық мекемеге жеткізілді.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен әйел жедел жарақат бөлімшесіне жатқызылған. Дәрігерлер әйелді орташа ауыр жарақат алған деп отыр. Баланы дәрігерлер қарап шыққаннан кейін амбулаториялық ем алуға жіберген. «Қыз баланың жағдайы тұрақты», дейді ақ халаттылар.

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.