Әрбір мектептің жанында полиция кезекшілік ететін болады

0
1 337

Тәртіп сақшылары оқушылардың жолдан аман-есен өтуін қадағалайды


Әрбір мектептің жанында полиция кезекшілік ететін болады

ERNUR.KZ. Өскемендегі әрбір мектептің жанында полиция кезекшілік ететін болды. Тәртіп сақшылары оқушылардың жолдан аман-есен өтуін қадағалайды, деп жазады altaynews.kz.

Облыс орталығындағы оқушылардың мектепке барар жолы қауіпсіз бола түспек. Үшінші тоқсаннан бастап әрбір мектептің жанындағы жаяу жүргінші жолында полция қызметкерлері кезекшілік атқаратын болады. Бұндай тапсырманы қала басшысы Жақсылық Омар беріп отыр.

"Оқу жылының аяғына дейін ЖПП қызметкерлері 7.30 дан 8.15-ке дейін, яғни көлік ағыны ең көп болатын уақытта мектеп маңындағы жол қозғалысын қадағалайды", – деп мәлімдеді Ж.Омар.