Зардап шеккендердің арасында кәмелет жасқа толмаған балалар жоқ.
ERNUR.KZ. Арқалық қаласында блогер ұсталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
35 жастағы ер адам зорлық үшін айыпталып отыр. Сондай-ақ сексуалды сипаттағы әрекеттер жасады деген күдік бар.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, блогер құрбандарына қарызға ақша берген. Ал қайтара алмағандардан жыныстық сипаттағы қарым-қатынасты талап еткен. Ал қарсы болғандарды күшпен алып, жыныстық қатынасқа түскен.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар жасалады.
Зардап шеккендердің арасында кәмелет жасқа толмаған балалар жоқ.
Айта кетері, осы қылмысты бірнеше рет жасағаны үшін 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.