ArtSport платформасы 2026 жылы 1 қаңтардан бастап өз қызметін тоқтатады

0
100

Прокурорлардың актісіне сәйкес Мемлекеттік кірістер департаменті бұзушыларға 25 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты, айыппұлдар төленген.


ArtSport платформасы 2026 жылы 1 қаңтардан бастап өз қызметін тоқтатады

Фото: Ru.freepik.com

ERNUR.KZ. ArtSport платформасының авторы жобаның экономикалық тұрғыдан тиімді емес екенін айтып, оны жабатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

ArtSport платформасының иесі әрі авторы “SoftDeCo” ЖШС 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ақпараттық жүйеге қызмет көрсетуді тоқтататынын мәлімдеді.

“ArtSport платформасының иесі болып табылатын “SoftDeCo” ЖШС 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ақпараттық жүйеге қызмет көрсетуді тоқтатады және жобаны жабуды жоспарлап отыр. Себебі жобаның әрі қарай дамуы, оын қолдау және қызмет көрсету экономикалық тұрғыдан тиімсіз”, – делінген ресми мәлімдеде.

Былтыр ақпанда бағдарламаның жеткізушісі, Алматыдағы футбол клубының директоры бюджет қаражатын ұрлау ісі бойынша үш жылға бостандықты шектеу жазасына кесілген еді. Сол кезде прокуратура “жүйедегі кемшілік футбол клубының директорының орындалған жұмыстар туралы актілерге жалған мәлімет енгізуіне мүмкіндік бергенін” анықтады.

Қадағалау органдары спорттық клубтар мен секцияларда салық заңнамасының бұзылуын да анықтады. Бірқатар ArtSport жеткізушілері өздерін ҚҚС төлеуші ретінде тіркемеген.

Прокурорлардың актісіне сәйкес Мемлекеттік кірістер департаменті бұзушыларға 25 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты, айыппұлдар төленген.