Арыстағы төтенше жағдайға байланысты 20 пойыз тоқтады

0
3 309

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы мәлімдеді.


Арыстағы төтенше жағдайға байланысты 20 пойыз тоқтады

Түркістан облысы Арыс қаласындағы болған төтенше оқиғаға байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы жолаушылардың қауіпсіздігі үшін атқарылған шаралар туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

- Жедел штаб құрылып, арнайы режимде жұмыс істеуде. 7 ірі стансада- Шымкент, Түркістан, Түлкібас, Тараз, Шу, Шиелі, Қызылода да 20 жолаушылар пойызы тоқтатылып, 8 121 жолаушыға жағдай жасалды. Олар вокзал кешендеріне көшіріліп, ауыз су, тамақпен қамтамасыз етілді. Жолаушылардың талабы бойынша жол жүру ақысы қайтарылады.
Аталған барша вокзалдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, керекті ақпарат таратылуда
, - делінген хабарламады.


Сондай-ақ, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыс Әкімдіктерімен біріге отырып қала маңына автокөлікпен 1500 жолаушы тасымалданған.

Түркістан –Маңғыстау, Ақтөбе, Саратов және Шымкент-Тараз, Алматы бағыттары бойынша жүретін 2000 жолаушы автокөлікпен Түркістан пен Шымкент арасында тасымалданды.
Және де Қызылорда –Сексеуіл арасында №42 Атырау-Алматы пойызының 430 жолаушысын жеткізу үшін 14 вагон қосымша тіркелген.


Жалпы Тараз, Шымкент, Түркістан арасында 8 мыңнан астам жолаушы автокөлікпен тасымалданған.