Әскерге барып келген жастарға арзан ипотека беру ұсынылды

0
348

Депутаттардың пікірінше бұл жастардың әскерге баруын және отбасылы болуын ынталандырады.


Әскерге барып келген жастарға арзан ипотека беру ұсынылды

фото:Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Мәжілістегі "Amanat" фракциясы әскерге барып келген жастар үшін жаңа ипотекалық бағдарлама енгізуді ұсынды, деп жазады sputnik.kz.
Депутат Болат Керімбектің айтуынша Жұмысшы мамандықтар жылы аясында әскерге барып келген жастарға да арзан ипотека беру керек.
"Бір жылдық әскерде болып келгеннен кейін 1 немесе 1,5 жыл тұрақты жұмыс істеген жастарға да ипотекалық арнайы бағдарлама ұсынылуға тиіс. Бұл жастардың әскерге баруын және отбасылы болуын ынталандырады. Үйлі болған адам отбасылы да болады және несиесін төлеу үшін тынбай еңбек етеді", - деді Керімбек мәжілістің бүгінгі отырысында.
Қазіргі кезде 20 өңірде жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін арнайы "Өңірлік жастар бағдарламасы" бар. Депутат үй алушылардың санатына әскерде болған жастарды да қосу қажет деп санайды.
Айта кетері, биылдан бастап Отбасы банк ұлттық даму институты ретінде қызмет көрсетуге кірісті. Банк баспана кезегін жүргізіп қана қоймай, тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын да атқарады.