Әскерге кеткен сарбаздардың несиесі кешіріле ме – Министрлік өкілі жауап берді

0
820

Несие демалысы дегеніміз егер мерзімді әскерге шақырылған азаматымыздың өтелмеген несиесі болса, оның мерзімін кейінге қалдыру.


Әскерге кеткен сарбаздардың несиесі кешіріле ме – Министрлік өкілі жауап берді

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Руслан Папашев әскери билеті жоқ азаматтар жұмысқа орналаса алмауы мүмкін деген ұсыныс пен әскерге кеткен сарбаздардың несиелік демалысы туралы сауалдарға жауап берді, деп жазады Stan.kz.

“Несие демалысы дегеніміз егер мерзімді әскерге шақырылған азаматымыздың өтелмеген несиесі болса, оның мерзімін кейінге қалдыру. Бұл банктер және банк қызметі туралы заңда қарастырылған. Сондықтан әскерге шақыртылған азаматтар Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен немесе әскери бөлім басшысынан анықтама талап ете алады. Бұл анықтамалар несиелік міндеттемелерді кейінге қалдыруға негіз болып табылады”,- деді Руслан Папашев.

Офицер сонымен қатар борышын өтеу кезінде сарбаздардың отбасына коммуналдық қызмет ақысы төмендетіліп, кейін білім алуына жеңілдік беріледі деген ұсыныстың қаншалықты және қалай жүзеге асырылатынына жауап бере кетті.

Әскерге шақырылған азаматтардың отбасы мүшелерінің бірінің комуналдық қызмет төлемін төмендету шарасы қарастырылатын болады. Сонымен қатар көп балалы отбасыдан шыққан сарбазға кейін жоғарғы оқу орнына түсер кезінде жеңілдіктер берілмек. Бұл мәселелер әзірге құзырлы органдарда талқылану үстінде. Себебі айтылған ұсыныстың өзі қаржы шығындарын талап етеді. Жан-жақты сараланған соң бір ұстанымға келетін боламыз”,- деп түсіндірді Руслан Папашев.

Аға офицер әскери билетсіз жұмысқа тұрғызбау туралы ұсыныстардың болғанын жасырмады.

Әскери билетсіз мемлекеттік қызметке, арнайы органдарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін жою туралы бастама ұсынылған болатын. Алайда біз барлығын саралай келе бұл ұсынысты алып тастадық”,- деп қорытты Папашев.