Әскери кемелер экипаждары курстық тапсырманы орындауға кірісті

0
930

Теңізшілер оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау шеңберінде корабльді ұрысқа және жорыққа жасырын дайындау нормативтерін пысықтап, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды ұйымдастырады.


Әскери кемелер экипаждары курстық тапсырманы орындауға кірісті

ERNUR.KZ. Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдері Каспий теңізінің қазақстандық секторында К-2 курстық тапсырмаларын орындауға кірісті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Теңізшілер жердегі және судағы объектілерге қарсы оқу-жауынгерлік іс-қимылын жүргізіп, қарсыластың күштері мен құралдарына белсенді радиоэлектрондық қарсы іс-қимыл жағдайында суасты қайығымен әскери ұрыс тапсырмаларын орындайды. Экипаждар құтқару құрылғылары мен құралдарын пайдалана отырып, жеке кемені құтқару жаттығуын өткізеді», – деді әртекті кемелер дивизионының командирі ІІ дәрежелі капитан Рустам Жүнісов.

Теңізшілер оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау шеңберінде корабльді ұрысқа және жорыққа жасырын дайындау нормативтерін пысықтап, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды ұйымдастырады. Дауылды жағдайларда және көру мүмкіндігі шектеулі кезде жүзуге дайындық жүргізеді.

Бұдан өзге, теңізде корабльдің қорғанысы мен қорғалуын ұйымдастыру тексеріледі. Сонымен қатар, экипаждың өміршеңдігі үшін күрес қимылдары да пысықталады.

Айта кетсек, қарулы күштердегі жауынгерлік даярлық іс-шаралары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан армиясының жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қорғаныс министрі Солтүстік өңірлік қолбасшылығы неге құрылмағанын түсіндірген болатын.