Әскери комиссариаттан қашқан жігіт видеоға түсірілді

0
1 953

Әскерге шақырту алғандардың бәрін автобусқа отырғызып жатқан сәтте олардың бірі қашып кетуге тырысқан.


Әскери комиссариаттан қашқан жігіт видеоға түсірілді

ERNUR.KZ. Ақтауда әскерге шақырту алған жігіт әскери бөлімнен қашып кетуге тырысты. Желіде оқиғаның видеосы пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 30 желтоқсанда 23-шағын аудандағы әскери комиссариатта болған. Әскерге шақырту алғандардың бәрін автобусқа отырғызып жатқан сәтте олардың бірі қашып кетуге тырысқан. Жігіт әскерге шақырту пунктінің қақпасынан өтіп үлгерді. Оны қуып жету үшін әскери комиссариаттың екі офицері жүгірген, олардың біреуі сүрініп түскен.

Портал мәліметінше, полиция қызметкерлері қашпақ болған жігітті ұстаған. Ақтау полиция бөлімінің "Сұңқар-9" патрульдік полиция батальонының экипажы жігітті әскери комиссариатқа қайтарған.