Асхат Аймағамбетов шетел студенттерін жиі тартатын медициналық ЖОО-ны сынға алды

0
966

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмысты өзгертіп, қайта қарау керек.


Асхат Аймағамбетов шетел студенттерін жиі тартатын медициналық ЖОО-ны сынға алды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов шетелдік түлектерді жиі оқуға тартатын медициналық жоғары оқу орындарының жұмысын сынады, деп жазады inform.kz.

«Медициналық жоғары оқу орындарының коммерцияға аса қызығушылығын көріп отырмын, әсіресе өңірлерде. Олардың дені Қазақстанның азаматтары емес. Осы орайда, медициналық жоғары оқу орындары ақша табуды емес, басты миссиясы - еліміз үшін кадрлар даярлау екенін түсінуі керек. Бұл дәстүр басқа да университеттерде байқалады, ойға сыймайтын дүние», - деді Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмысты өзгертіп, қайта қарау керек.

Одан бөлек, халық қалаулысы МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінің жұмысына тоқталды. А. Аймағамбетов аталған қор жұмысын тиісті қалыпқа келтіріп, халықтың сеніміне кіру қажеттігін айтты.

Айта кетсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша МӘМС жүйесінің қызметіне шағымымданушылардың үлесі 14%-ға артқан.