«Астана Арена» спорт кешенінің шатыры құлады (видео)

0
881

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.


«Астана Арена» спорт кешенінің шатыры құлады (видео)

ERNUR.KZ. «Астана Арена» спорт кешенінің төбесі қардың салмағына шыдай алмай құлады, деп жазады stan.kz.

«Бүгін ауа-райының қолайсыздығына байланысты, шамамен 08:00 шамасында, спорт кешенінің төбесіндегі поликарбонат плиткалары құлады. Қазір шатырды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ», - деді «Астана Арена» спорт кешенінің директоры Дмитрий Антоничев. Оның айтуынша, шатырға көтеріліп, оны қардан тазарту мүмкін емес, өйткені ол шыны плиткадан жасалған.

Айта кетсек, аталған кешен төбесінің опырылып түскені туралы Facebook әлеуметтік желісіне елордалық тұрғын жариялаған болатын.