Жағдай елордадағы ауа-райының күрт нашарлауына, атап айтқанда бұршақпен қатар болған қатты екпінді желге байланысты орын алды.
ERNUR.KZ. Желіде 8 тамыз күні Air Astana авиакомпаниясының Астана әуежайындағы ұшағы қалай зақымданғаны туралы бейне таратылады, деп жазады zakon.kz.
Кадрларда қатты жел контейнерді ұшырып, ұшаққа соғылғанын көруге болады.
Жағдай елордадағы ауа-райының күрт нашарлауына, атап айтқанда бұршақпен қатар болған қатты екпінді желге байланысты орын алды. Кейінірек Air Astana әуекомпаниясы Астана – Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсі жақын арада ұшатындығын мәлімдеді.
Бір апта ішінде елордалық әуежайда екі әуе кемесіне зақым келді. Бірінші жағдайда — SCAT әуекомпаниясы, екінші жағдайда – FlyArystan. Болған жағдайға байланысты екі авиакомпания да теріс қаржылық зардаптарды, сондай-ақ рейстердің кешігуін жариялады.
Азаматтық авиация комитеті 7 тамызда Астана әуежайы ұшақтардың зақымдануынан кейін тексерілетінін хабарлады.