Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшағына зақым келтірді

0
303

Әуежай баспалдақтарын дұрыс қолданбау салдарынан ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған.


Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшағына зақым келтірді

ERNUR.KZ. Air Astana компаниясы Астана әуежайында FlyArystan ұшағы зақымданғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"2024 жылдың 5 тамызында Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтірді, соның салдарынан ұшақ бірнеше күн бойы мәжбүрлі тұраққа қойылды", - деп жазылған хабарламада.
Атап айтқанда, әуежай баспалдақтарын дұрыс қолданбау салдарынан ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған.
"Жөндеуге айтарлықтай қаржы жұмсалады, бірақ басты мәселе ол емес, бұл жағдай әуе компаниясының кестесіне, рейстердің орындалуына кері әсер етіп отыр", - дейді компания мамандары.
Air Astana Астана халықаралық әуежайды рейстердің уақытылы орындалуына кері әсер ететін факторларды жою үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.