Астана ауласында жігіттер төбелес ұйымдастырды (ВИДЕО)

0
395

Оларға айыппұл салынды.


Астана ауласында жігіттер төбелес ұйымдастырды (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Астана қаласы Есіл ауданында аулалардың бірінде жігіттер төбелес ұйымдастырды. Видео төбе көрсеткендердің бәрін полиция ұстады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Кадрда екі жігіттің бір-біріне мықтап жабысып, жұдырықтасып жатқанын көруге болады. Содан кейін оның біреуіне таяқша ұстап, таныс екі адам көмекке жүгіреді. Қара футболка киген жігіт қашып кетеді.

Есіл ауданының полиция басқармасы оларға төбелес туралы хабарлама 9 маусымда түскенін хабарлады.

«Елорданың үш тұрғыны ұсталды, олар «Есіл» ауданының уақытша ұстау бөліміне орналастырылды. Барлық қатысушыға қатысты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады полиция.

10 маусымда сот ұсталғандарға 20 АЕК айыппұл салды.