​«Астана-Душанбе» әуе рейсі ашылды

0
1 306

Рейс аптасына екі рет, әр жұма және жексенбі күндері жасалмақ.


​«Астана-Душанбе» әуе рейсі ашылды

ERNUR.KZ. Қазақстанның SCAT әуе компаниясы «Астана-Душанбе» бағатында жаңа халықаралық рейс ашты. Бұл Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасындағы алғашқы тікелей әуе рейсі, деп жазады Baq.kz.

«Біздің әуе компания биылғы жылдың өзінде 8-ден астам жаңа бағыт ашты. Олардың үшеуі – халықаралық рейс. «Астана-Душанбе» бағытындағы алғашқы рейс ертең, сағат 00.15-те Bombardier CRJ 200 әуе кемесімен жасалады. Рейс аптасына екі рет, әр жұма және жексенбі күндері жасалмақ», - деді баспасөз мәжілісінде SCAT әуе компаниясының коммерция жөніндегі вице-президенті Николай Буряков.

Оның айтуынша, тариф бір бағытқа 44 мың теңгеден басталса, екі жаққа 86 мың теңгеден басталады.

«Менің ойымша, бұл ыңғайлы болады. Және бұл іскерлік белсенділікті арттырып, бизнесті дамытады. Қазақстан азаматтарына Тәжікстан астанасына баруға және Тәжікстан азаматтарына Қазақстан астанасын көруге мүмкіндік береді», - деді Николай Буряков.

Бұл халықаралық рейс екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, туризм саласын дамытуға мүмкіндік береді.