Линейный саябағында құрғақ фонтан, лабиринтті, скейт, көпқабатты балалар алаңы пайдалануға берілмек
ото: елорда әкімдігінің ресми сайты
ERNUR.KZ. Астанада Линейный саябағының 1-ші кезектегі құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды, деп жазады, елорда әкімдігінің ресми сайты.
Серуендеп демалу үшін саябақ өз есігін осы күзде айқара ашады. Сонымен саябақтың территориясындағы тіке жоспар бойынша жұмыстар аяқталды, жүретін жолдардың астыңғы қабатын бетонмен және қатты жамылғымен жапты. Жартылай құйылмалы су құбырының құрылысы аяқталды, қазір ағаш отырғызу, фонтанның құрал-жабдығын монтаждау, жарықтандыру тіректері орнатылып жатыр. Қиыршық тас төселген жолдар мен асфальт бетон жамылғысын төсеу бойынша да жұмыстар тәмамдалуға жақын.
Айта кетейік, Линейный саябағының аумағында көпқабатты балалар алаңы, скейт алаңы, лабиринті бар балалар алаңы мен батут, құрғақ фонтан, көше суретшілерінің аймағы, шахмат ойнайтын аймақ, жасыл саябақ, ұзындығы 2,2 км веложол бар.
Саябақтың құрылысы барысында сапалы материалдар мен құрал-жабдықтар қолданылды. Шағын сәулеттік формалар, балалар ойын кешені, скейт-алаңдар мен басқалары да – бәрі өзіміздің қазақстандық өнімдер.
Саябақтың аумағына 3 мыңға жуық ағаш пен 48 мыңнан астам бұталы қоршау отырғызылады.«Жылы мезгілдің аяқталып келе жатқанына байланысты гүлдер мен газондарды төсеу бойынша жұмыстар биыл жасалмайды. Аталған жұмыстар 2019 жылы көктемгі маусымда орындалады. Фонтанды да әзірге консервілеп қоя тұрамыз, оның да ашылуы келесі жылдың көктемінде іске асырылады. Ал қалғанының бәрі осы күзде халықтың игілігіне ұсынылады», - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бас жоспар бойынша саябақ «Абу Даби Плаза» ОСО мен Ботаникалық саябақпен шектесіп жатқан Ақмешіт пен Түркістан көшесінің арасында орналасқан.