Астана маңындағы ірі өрт жетінші күні сөндірілді

0
659

Алғашқы өрт аумағы 15 гектар болған еді.​


Астана маңындағы ірі өрт жетінші күні сөндірілді

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы Талдыкөл көлі маңындағы 80 гектар аумақтағы дала өртінің жойылғанын хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Елордалық өртсөндірушілердің күшімен Талдыкөл көлінің ауданында 80 гектар алаңдағы сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөптің жануы бүгін сағат 11.22-де жойылды", - делінген хабарламада.

Құрғақ ағаш өрті 19 маусымда шыққан. Алғашқы өрт аумағы 15 гектар болған еді.