Астана тұрғындары аспаннан белгісіз жарқылды байқады (видео)

0
169

Астаналықтар сол аймақтағы тұрғын үй кешендері жарықсыз қалғанын жазып жатыр.


Астана тұрғындары аспаннан белгісіз жарқылды байқады (видео)

ERNUR.KZ. 5 наурызға қараған түні Астана тұрғындары аспаннан жасыл немесе көгілдір түсті ерекше жарқылды байқады. Елордалықтар бұл ерекше құбылыстың бейнекадрларымен желіде бөлісті, деп жазады tengrinews.kz.

Threads желісіндегі қолданушылардың айтуынша, сағат 20:00 шамасында аспанда жасыл түсті жарық жарқ етіп, бірден көшедегі шамдар өшіп қалған, кейбірі көгілдір жарқылды көрген. Осыдан кейін елорданың сол жағалауында электр қуаты өшіп қалған.

Астаналықтар сол аймақтағы тұрғын үй кешендері жарықсыз қалғанын жазып жатыр.

Пікір жазушылар бұл қысқа тұйықталу болуы мүмкін деген болжам айтады.

"Қосалқы станцияда қысқа тұйықталу немесе ажырату кезінде доға пайда болған. Көшедегі натрий шамдары ... осындай нәрселерге сезімтал келеді. Өшіп қалып, суығананнан кейін кейін қайта қосылады ... бұл шамамен 30 секунд", - деп жазады қолданушылардың бірі.


Сондай-ақ бұл жердегі қандай да бір жарылыстан болған құбылыс деген болжам да айтылды.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен қаланың РЭК мекемесі редакцияның сауалына әзірге жауап бермеді.

Бірнеше жыл бұрын Астана тұрғындары дәл осындай құбылысты байқаған болатын. Ол кезде елордалықтар метеорит немесе кометаны көрдік деп ойлаған.