Астанада 3 жасар баланы өлтірген ер адамға үкім оқылды

0
459

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Астанада 3 жасар баланы өлтірген ер адамға үкім оқылды

ERNUR.KZ. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот жас баланың өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша үкім шығарды, деп жазады ulysmedia.kz.

«Ер адам өзімен бірге тұратын әйелдің үш жасар баласымен жалғыз қалғанда, оған кенеттен қасақана ауыр дене жарақатын салған, оқиға соңғысының өліміне әкеп соқтырды. Қылмыс жасаған кезде сотталған адамда медициналық куәландыру қорытындысымен психоактивті затты, атап айтқанда трамадолды қолдану фактісі анықталды», - делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарламасында.

Ер адам айыпты мойындамаған. Баланың дене жарақатына қатысы жоқ екенін айтып, соттан өзін ақтауды сұрады.

Ал жәбірленуші оны баласына дене жарақатын салғаны үшін кінәлі деп санайтынын айтты. Азаматтық талап қойылмаған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, маман мен сарапшылардың айғақтарымен, медициналық-криминалистикалық және сот-медициналық сараптама қорытындысымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесімен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдету ісін анықтаған жоқ.

Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлату бойынша сот сотталушының іс-әрекетінде қылмыстың қайталану қаупі бар екенін мойындады. Өйткені ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айырылған.

Сот үкімімен ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ер адам кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.