Астанада 4 млн теңге алимент төлемеген адам ата-ана құқығынан айырылды

0
255

Бұл оны баласына алимент төлеу міндетінен босата ма?


Астанада 4 млн теңге алимент төлемеген адам ата-ана құқығынан айырылды

ERNUR.KZ. Астанада сот 4 миллион теңгеден астам алимент қарызы бар ер адамды ата-ана құқығынан айырды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ювеналды сотта қаралған іс бойынша ер адам баласына қамқорлық көрсетпеген, материалдық қамтамасыз етпеген және оның тәрбиесіне араласпаған.

Сот процесінде анықталғандай, әкесі ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген; 20 жылдан бері құмар ойынға тәуелді; ұлының өміріне араласу ниеті жоқ екенін мойындады.

Сот психологының зерттеуіне сәйкес, бала да әкесімен араласуға құлықсыз екенін білдірген.

Сот ер адамды ата-ана құқығынан айырды, алайда бұл оны баласына алимент төлеу міндетінен босатпайды. Ер адам бұрынғыдай қаржылық жауапкершілігін орындауға тиіс. Шешім заңды күшіне енді.