Астанада адам өлтірді деген күдікті өзіне қол жұмсамақ болған

0
470

Желіде ер адам бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, оған пышақ салып, одан кейін өзін-өзі өлтірмек болды деген ақпарат тарап жатыр.


Астанада адам өлтірді деген күдікті өзіне қол жұмсамақ болған

ERNUR.KZ. Астанада ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасап, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп жазады tengrinews.kz.

Желіде ер адам бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, оған пышақ салып, одан кейін өзін-өзі өлтірмек болды деген ақпарат тарап жатыр.

Астана Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Аталған факт бойынша Байқоңыр аудандық ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство күдіктінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы түсінік бермеді.

Астана полиция департаменті тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайтынын ескертті.