​Астанада аутизмі бар балалар арасында спартакиада өтті

0
1 711

Спартакиадаға жүзден астам бала қатысты.


​Астанада аутизмі бар балалар арасында спартакиада өтті

ERNUR.KZ. Іс-шараны «Орда» аутизмі бар балалар ата-аналарының қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп жазады BAQ.KZ.

Шара Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күніне орайластырылды.

«Біздің бірлестік 2016 жылы құрылды. Біз кинотеатрлар, спорттық алаңдар, музейлер балаларымызға қолжетімді болуы үшін біріктік. 2017 жылы біз қалалық әкімдікпен бірлесіп, аутизмі бар балаларды әлеуметтендіру бойынша әлеуметтік жобаны бастаған болатынбыз. Қазіргі таңда біздің екі жобамызда 220 бала бар», - деді «Орда» аутизмі бар балалар ата-аналары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Салтанат Есмағамбетова.

Спартакиадаға жүзден астам бала қатысты. Сондай баланың анасы Гүлсім Сымбатованың айтуынша, инклюзивті жарыс мүмкіндігі шектеулі балаларға өздерінің құрдастарымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

«Ынтымақтастық тәжірибесі балалардың жанашырлыққа, мейірімділікке, түсіністікке жетуіне ықпал етеді. Болашақта мұндай балалар мейірімді болады. Мұндай жағдайларда ерекше балалар өзара әрекеттесуді үйренеді, сондықтан да осындай шаралар олар үшін өте маңызды », - деді ол.

Ерекше баланың анасы Зарина Дандыбаеваның айтуынша, мемлекет мұндай балаларға жан-жақты көмек көрсетуде.

«Орда» орталығында біз оңалтудан тегін өтеміз. Біз спортпен шұғылданамыз, логопед, патолог, психолог мамандарымен кеңесеміз. Біздің балаларымыз музыка терапиясы, ойын терапиясы сияқты топтық сабақтарға қатысады. Бізді аптасына бір рет мультфильмдерді көруге кинотеатрға шақырады», - деді Зарина Дандыбаева.