Астанада ер адам 15-қабаттан құлап кете жаздады

0
655

Полиция қызметкерлері оны дер уақытында құтқарып қалды.


Астанада ер адам 15-қабаттан құлап кете жаздады

ERNUR.KZ. Астанада 15-қабаттан құлап кете жаздаған ер адамды учаскелік полицей құтқарып қалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Полицияға тұрғын үйдің 15-қабатынан ер адам секірмек болғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер оның есту және сөйлеу қабілетінен айырылғанын анықтады, сол себепті байланыс орнату қиынға соққан.

Қиын сәтте учаскелік инспектор Рахметолла Нурумов батылдық танытып, ер адамға жақындап барып, оны құтқарып қалды.

«Мұндай жағдайда ең маңыздысы — салқынқандылықты сақтау», — деді учаскелік инспектор.

Осылайша, полицейдің жедел әрекетінің арқасында ер адам құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оған қажетті психологиялық көмек көрсетілді.