Бұл туралы ақпаратты Астана Полиция департаменті растады.
ERNUR.KZ. Астанада көпқабатты ғимараттан құлаған адам мерт болды. Бұл туралы ақпаратты Астана Полиция департаменті растады, деп жазады tengrinews.kz.
Редакцияның WhatsApp-нөміріне видео келді, оның авторы Бектұров көшесінде адамды көлік қағып өлтірген деп болжаған.
Алайда, Полиция департаменті мәліметінше, әңгіме көпқабатты үйден құлаған адам туралы болып отыр.
"Осы факт бойынша соталды тергеу басталды, сараптама тағайындалды. Басқа ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады департамент.